Ескек есуден алғашқы алтын: Владислав Яковлев пен Иван Чернухин жеңімпаз атанды
- авторОймақ
- Бүгін, 07:12
- 22
Қазақстандық Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ерлер арасында рульсіз қос ескекті қайықпен жарысудан А финалында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шешуші бәсекеде қазақстандықтар қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды.
Күміс жүлдені қытайлық Чуан Цао мен Мэншуай Ян иеленді. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев (6:32,34) жайғасты.
Осылайша, Яковлев пен Чернухин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының алтын медалін салды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





