Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың өкімімен Степногорск қаласының әкімі болып Талғат Ерсейітов тағайындалды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Талғат Ерсейітов бұған дейін, дәлірек айтқанда 2023 жылғы қарашадан бастап Астрахан ауданының әкімі лауазымын атқарып келген болатын.
Жаңа әкімнің өңірді басқаруда тәжірибесі мол. Ол 2017–2019 жылдары Есіл ауданының әкімі, ал 2019–2023 жылдар аралығында Бұланды ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, осы тағайындаудың алдында облыс әкімі Степногорск қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжановты атқаратын лауазымдарынан босатқан еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Мәжілістің бұрынғы депутаты Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды
- авторОймақ
- Бүгін, 07:55






