сейсенбі, 22 қыркүйек, 2026 8:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәжілістің бұрынғы депутаты Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды

Мәжілістің бұрынғы депутаты Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды
Фото: parlam.kz
Бұл туралы журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Мәжілістің бұрынғы депутаты, журналист Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Экс-мәжілісмен енді біздің өңірді дамытуға атсалысады. Депутат болып жүргенде де Алматы облысы туралы жиі айтып, жазып жүретін», – деп жазды ол.

Диас Нұрақын Мақсат Толықбаймен журналистика саласында бірге еңбек еткенін де атап өткен.

Мақсат Толықбай – журналистикадан Парламент Мәжілісіне келген тұлғалардың бірі. Ол депутаттық қызметі кезінде Алматы облысына қатысты әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді бірнеше рет көтерген. Мәселен, өңірдегі елді мекендердің инфрақұрылымы, саяжайларды дамыту және әлеуметтік нысандарға қатысты мәселелерді Парламент мінберінде қозғаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Мақсат Толықбай Алматы облысында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесулерге Мәжіліс депутаты ретінде қатысқан.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар