Астанада апалы-сіңлілі әйелдер притон ұйымдастырды деген күдікке ілінді: 15 адам ұсталды
- авторОймақ
- Бүгін, 15:29
- 8
Бас прокуратура мәліметінше, тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейін апалы-сіңлілі әйелдер өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырғаны анықталды.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген.
Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек олар клиенттердің алкогольге мас күйде болғанын пайдаланып, оларға күш қолданып, ақшалай қаражаттарын бопсалаған, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстаған деген күдікке ілінген.
Барлық 15 адам ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.
Елорда прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.
Айыпталушылардың әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға сот отырысы барысында беріледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




