Қарқаралы тауларында адасқан екі жігітті құтқарушылар, полицейлер және табиғи парк қызметкерлері іздеді
- авторОймақ
- Бүгін, 08:45
- 46
Өткен түнде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тауда адасып кеткен 2008 және 2007 жылы туған екі жігітті іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Олар Комсомол тауының шыңынан төмен түсу кезінде адасып, өз бетінше жол таба алмаған. Таулы аумақты шолу үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданған.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері жұмылдырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары адасып кеткен азаматтарды Жиренсақал таулы аймағынан тапты. Құтқарылғандар қауіпсіз жерге жеткізілді.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





