Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды иеленген қызметтерінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Кадрлық өзгерістер аталған шенеуніктердің «Әділет» партиясының атынан Құрылтай депутаттығына өтуіне байланысты жүзеге асырылды. Президент өкімімен Дархан Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан, ал Ербол Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Бұған дейін «Әділет» партиясы Құрылтайдың I шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөлген болатын. Парламентке өткен бұл тұлғалар енді депутаттық фракция құрамында заң шығарушы органда қызметін жалғастырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





