бейсенбі, 27 тамыз, 2026 10:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды

"Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды
istockphoto.com
184 Қазақстан азаматы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Республикалық комиссияның шешімімен 184 Қазақстан азаматы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жазуынша, 137 азамат магистратурада, 10 азамат докторантурада білім алады, ал 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, 51 қазақстандық ғалымға әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді.

Тізім: https://t.me/SayasatNurbekOfficial/12738

«Біз үшін «Болашақ» – шетелде білім алуға мүмкіндік беретін бағдарлама ғана емес. Бұл – адам капиталына және Қазақстан экономикасының болашағына салынған инвестиция.

Біздің міндетіміз - елге озық білім мен құзыреттер аса қажет бағыттар бойынша мамандар даярлау. Атап айтқанда, атом өнеркәсібі, медицина, инженерия, жасанды интеллект, жаңа материалдар, энергетика, биотехнология және басқа да жоғары технологиялық салалар.

Мамандарымыздың елге жай ғана дипломмен емес, жаңа біліммен, технологиялармен және халықаралық тәжірибемен оралғаны маңызды. Олар бұл білімді Қазақстанның дамуына бағыттап, жаңа өндірістер құрып, озық технологияларды енгізіп, болашақтың жаңа салаларын қалыптастыруы керек.

Бізге шетелдік университеттердің жай ғана түлектері емес, Қазақстанның технологиялық және экономикалық дамуына үлес қоса алатын білікті кадрлар қажет.

Барлық стипендия иегерлерін құттықтаймын! Оқуларыңызға сәттілік, жарқын жаңалықтар, мықты кәсіби байланыстар тілеймін. Ең бастысы – жаңа білім мен идеяларды ел игілігіне жарату үшін Қазақстанға аман-есен оралыңыздар!», – деп жазды министр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар