сәрсенбі, 26 тамыз, 2026 10:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дубайға жұмысқа кетіп, хабарсыз кеткен: екі бойжеткеннің денесі табылды

Дубайға жұмысқа кетіп, хабарсыз кеткен:  екі бойжеткеннің  денесі табылды
Pixabay
Мәйіттер табылғанға дейін пәтерде қанша уақыт жатқаны әлі белгісіз.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы өлі табылды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Қайтыс болған бойжеткендердің әпкесінің айтуынша, қазақстандықтар 2025 жылдың 19 желтоқсанында Дубайға сұлулық салонында жұмыс істеу үшін кетіп, Шарджа қаласында тұрған. Жасөспірімдер отбасымен үнемі байланыста болғанымен, 17 тамыздан бастап хабарсыз кеткен.

«Кеше бізге олардың пәтерде өлі табылғаны және күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады. Мәйіттерді әлі елге жеткізуге асығар емес, тағы бір апта күтуді сұрайды», – деді марқұмдардың туысы.

Мәйіттер табылғанға дейін пәтерде қанша уақыт жатқаны әлі белгісіз. Адам өліміне күдікті ретінде де Қазақстан азаматы ұсталған. Қайтыс болғандардың отбасы күдіктіні заң жүзінде қатаң жазалауды, сондай-ақ тергеу процесін тездетіп, марқұмдардың денесін отанға қайтаруды талап етіп отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан СІМ марқұмдардың отбасымен тұрақты байланыс орнатып, қайғылы оқиғаға байланысты барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар