сейсенбі, 25 тамыз, 2026 11:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

13 жастағы қыз жылқы байланған арқанға соғылып, көз жұмды

13 жастағы қыз жылқы байланған арқанға соғылып, көз жұмды
Фото: Әлеуметтік желіден скрин
Риддер қаласында 13 жасар қыз мотокөлікпен келе жатып, жылқы байланған арқанға соғылып, оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға 23 тамыз күні болған.

Қайғылы оқиға 23 тамыз күні Риддер қаласында болды. 13 жастағы қыз мотокөлікпен келе жатып, үйдің маңында жылқы байлауға пайдаланылған арқанға соғылған. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Онымен бірге болған 15 жастағы жолаушы жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. 

Полиция абайсызда адам өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жылқының иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция өкілдері жануарларды жолдардың маңында жаюға және айдауға болмайтынын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың көлік басқаруына тыйым салынатынын еске салды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар