сейсенбі, 25 тамыз, 2026 8:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда Ұлттық ұланның ауқымды қалашығы салынады

Алматыда Ұлттық ұланның ауқымды қалашығы салынады
Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ауқымды нысан «Самғау» ықшам ауданында орналасқан және шамамен 27 гектар аумақты қамтиды. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Нысанның құрылыс барысын Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков тексерді. Жұмыс барысымен танысу кезінде қалашықта қарастырылған негізгі нысандардың құрылысына басымдық беріліп жатқаны белгілі болды.

Жаңа әскери қалашық толыққанды инфрақұрылымы бар кешен ретінде салынады. Мұнда Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне арналған әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтереді. Сонымен қатар әскери техникаларды орналастыруға арналған арнайы тұрақтар мен қажетті қоймалар салынады.

Аумақта кинологиялық қалашық та қарастырылған. Бұл қызметтік иттерді ұстауға, үйретуге және кинологиялық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қалашықта инженерлік құрылыстар мен барлық қажетті коммуникациялар жүргізіледі.

Яғни жаңа нысан тек әскери бөлімнің орналасатын орны емес, қызмет атқаруға, тұруға және күнделікті әскери міндеттерді орындауға қажетті жағдайдың барлығын қамтитын тұтас әскери инфрақұрылымға айналмақ.

Құрылыс жұмыстарының қарқыны жоғары. Жоспарға сәйкес, Алматыдағы жаңа әскери қалашықтың құрылысын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Ұлттық ұланның Алматыдағы материалдық-техникалық базасын нығайтып, әскери қызметкерлер үшін заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар