бейсенбі, 20 тамыз, 2026 14:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарда ломбардта істеген әйел 15 миллион теңгені ұттырып жіберген

Павлодарда ломбардта істеген әйел 15 миллион теңгені ұттырып жіберген
istockphoto.com
Сотта әйел өз кінәсін толық мойындады.

Әйел ломбардта аға тауар маманы-бағалаушы-кассир болып жұмыс істеген және материалдық жауапты тұлға болған. 2026 жылдың наурыз айында ол сейфтен клиенттерге тиесілі алтын әшекейлерді алып, оларды басқа ломбардтарға өткізе бастаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жалпы әйел 26 бұйымды ұрлаған. Олардың арасында сақиналар, сырғалар, шынжырлар, алқалар болған. Алтын бұйымдардың жалпы құны 5 795 390 теңгені құрады.

Түскен ақшаны онлайн-казинода бәстесуге жұмсаған. Оның айтуынша, ол ақша ұтып алып, кейін әшекейлерді қайта сатып алып, орнына қайтаруды жоспарлаған.

«Осылайша, жалпы сомасы 5 795 390 теңгеге алтын бұйымдарды алды. Түскен ақшаға көбірек қаражат ұтып алу мақсатында онлайн-казинода ойнай бастады және ұтқан жағдайда бұйымдарды қайта сатып алып, орнына қоюды көздеді. Алайда ойыннан ойынға ұтылып, ақшалай қаражатынан айырылып отырды», — делінген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.

Ақшасы таусылғаннан кейін әйел мамыр айында одан да ірі көлемде қаражатты жымқырған — ломбардтың кассасынан 10 миллион теңгеден астам ақша алып кеткен. Қаражаттың жоғалғаны анықталған соң, қызметкерге қатысты қылмыстық тергеу басталды.

Сотта әйел өз кінәсін толық мойындады. Оған рақымшылық туралы заңның қолданылуын ескере отырып, 3 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, әйел келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді. Шығынның жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар