Ер адамның кейін әйелімен бөлек тұру туралы шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
- авторОймақ
- Бүгін, 08:59
- 30
Әлеуметтік желіде бес жыл бойы ата-анасымен бірге тұрған ер адамның кейін әйелімен бөлек тұру туралы шешімі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жігіттің айтуынша, бірге тұру отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа әсер етіп, ерлі-зайыптылар арасында түсініспеушілік туындаған. Сондықтан ол отбасылық татулықты сақтау үшін ата-анасынан бөлек шығуды шешкен.
Бұл пікір қоғамда түрлі реакция тудырды. Бірі жас отбасының жеке тұруы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасылық шекараны сақтауға көмектеседі деп қолдаса, енді бірі ата-анамен бірге тұру дәстүрін алға тартып, жігіттің шешімін сынға алды.
Жігіттің өзі бөлек шыққаннан кейін әйелімен қарым-қатынасы жақсарғанын атап өткен.
Бейне әлеуметтік желіде қызу пікірталасқа себеп болды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






