бейсенбі, 30 шілде, 2026 11:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысындағы таулы аймақта 48 жастағы турист қаза тапты

Түркістан облысындағы таулы аймақта 48 жастағы турист қаза тапты
видео скрин
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Түркістан облысындағы таулы аймақта 48 жастағы азамат қаза тапты, ал оның жанындағы екінші туристі құтқарушылар эвакуациялады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы Төле би ауданында, теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте орналасқан Шұңқұлдық асуында шұғыл авариялық-құтқару операциясын жүргізді. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

«Оқиға туралы хабарлама ер адамнан түсті. Ол денсаулығының кенеттен нашарлауынан кейін досының таулы аймақта қайтыс болғанын хабарлады. Шағымданушының өзі де денсаулығының сыр беруіне байланысты таудан өздігінен түсе алмай, көмекке мұқтаж болған», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тікұшақтың көмегімен құтқарушылар жеткізуі қиын таулы жерден 33 жастағы азаматты эвакуациялады. Жерге жеткізілгеннен кейін оны дәрігерлер тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша, құздан құлап қаза тапқан екінші ер адамның мәйіті таудан түсірілді.

Осы оқиғаға байланысты ҚР ТЖМ азаматтарға таулы аймаққа шығар алдында жақындарына бағыт туралы алдын ала хабарлауды, ауа райы болжамын ескеруді, жанында байланыс құралдары, су қоры, алғашқы жәрдем қобдишасы мен қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қамтамасыз етуді ескертеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар