Бишімбаев қорғаушысы: "Ол кісі өлтіруді жоспарлаған болса, киллер жалдар еді"
- авторОймақ
- 3 мамыр, 2024
- 801
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сот талқылауында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сөз алды.
Сот отырысында адвокат қорғау тарап Қуандық Бишімбаевты және оның барлық жасаған әрекеттерін толық ақтап алуға тырыспайтынын айтты.
"Біз оның іс жүзінде жасаған әрекеттері үшін ғана сотталуын сұраймыз. Нүкенованың өліміне себепкер болуға Бишімбаевтың қатысы бар. Ол бұған қатысты кінәсін жоққа шығармайды. Бәріміз осы жерге не үшін жиналдық? Негізгі сұраққа жауап беруге жиналдық: Нүкенова Бишімбаевтың оны өлтіргісі келгендіктен бе немесе оны ұрып-соққысы келіп, бірақ күшін есептемегендіктен қайтыс болды ма? Айыптаушы тараптың кешегі сөзі, былайша айтқанда, эмоциядан басқа ештеңеден құралған жоқ. Олар сізге тірі Салтанаттың фотосуреттерін көрсетті, сосын оны мәйіт болған кездегі фотосуретін көрсетті. Бөтелкедегі қанға ұқсас сұйықтықты пакетке құйып, Бишімбаевты емес, сіздерді 30 жыл бойы қудалаған шенеунікті соттап жатқаныңызды бейнелі түрде елестетуге тырысты", – деді Ерлан Ғазымжанов.
Оның айтуынша, бұл психологиялық әсер етудің жақсы әдістері. Және олар қылмыстық істі бірінші рет қарап жатқан қарапайым адамды таң қалдырады. Алайда тек эмоциялар мен қорқынышты фотосуреттер жеткіліксіз.
Ғазымжанов алқабилердің БАҚ арқылы дәл жәбірленуші тараптың пайдасына қатаң қысым жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болатынына назар аударды. Ол қорқыту тек қорғаушылар мен судьяларға ғана емес, сонымен қатар «қалаусыз» куәгерлерге де жасалғанын еске салды. Оларды мазақ етеді, келеке етеді, сондықтан сотқа келу үшін жеке басын көрсеткісі келмейді, өйткені олар "үнемі үлкен қысымға ұшыраған күйде".
"Ал мұның бәрі бір ғана мақсат үшін. Сіздерді шатастыру үшін. Алқабилер заң бойынша емес, виртуалды қоғам сізден қалайтын шешім шығару үшін. Барлық жауапкершілікті түсініп, қабілетіңізді көрсетіңіздер. Қасақана кісі өлтіруді мен аабйсызда кісі өлтіруді ажырата аласыздар", – деп атап өтті қорғаушы.
Қорғаушының айтуынша, кісі өлтіруді алдын ала ойластыру сотталушының жасаған әрекетіне және өлімнің орын алуына субъективті қатынасымен ғана анықталады.
"Ол оның өлгенін қаншалықты қалады, бұл – оның кісі өлтіруге кінәлі немесе кінәлі еместігін анықтауы керек. Қасақана кісі өлтірді деп тағылған айыптың мәніне сүйенсек, Бишімбаевтың өлімнен өзіне қандай да бір пайдасы болуы керек. Осы сұрақты өзіңізге қойып көріңіз. Нүкенованың өлімінен Бишімбаевқа не пайда болды?", – деп сұрады Ерлан Ғазымжанов.
Ол айыптау қорытындысы бұл сұраққа жауап бермейтінін атап өтті.
"Егер Бишімбаев кісі өлтіруді жоспарласа, оны өз қолымен жасар ма еді? Нүкенованың өліміне Бишімбаевтың қандайда бір түрде қатысы бар екенін ешкім түсінбейтін немесе болжамайтындай етіп кәсіпқой адамды жалдағаны қауіпсіз болар еді. Бірақ іс бойынша өлтірушілерді жалдау әрекеті жоқ. Бишімбаев өз қолымен кісі өлтіргісі келді делік. Бұл жағдайда ол кісі өлтіру қаруын алдын ала дайындап қояр ма еді. Ал Нүкенованы өлтіру үшін қауіпсіз жерге апарушы еді", – деді Ерлан Ғазымжанов.
Оның айтуынша, зардап шеккен тараптың Бишімбаев Дима Биланның концертінде Нүкенованы өлтірмекші болған және бұл оның "Пальтоңды таста, енді саған керегі болмайды" деген сөзімен дәлелденді деген нұсқасы – қисынсыз. Қорғаушы олай болған жағдайда сотталушы кісі өлтіруді ұзаққа созып, таң атқанша қарым-қатынас мәселесін көтермейтін еді екенін айтты.
Ол Бишімбаевтың досы Индирамен хат жазысып, онымен мейрамханадан кейін караокеге баруды жоспарлағанын еске салды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.