Енді жаңа туған нәресте есімі қойылмай тұрып-ақ, мемлекеттік базаға тіркеледі.
- авторОймақ
- 3 мамыр, 2024
- 1.1k
Енді Қазақстанда дүниеге келген әр сәбиге бірден жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі
Жаңа туған нәресте есімі қойылмай тұрып-ақ, есепке алынып, мемлекеттік базаға тіркеледі.
Бұл жаңашылдық сәбидің дербес деректері жоғалмауы үшін енгізіліп отыр. Әрі, заң соңғы кездері жиілеп кеткен адам саудасы фактілерінің алдын алуға мүмкіндік беруге тиіс, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Әу баста бұл норманы Мәжіліс депутаттары ұсынған. Кейін жобаны ішкі істер министрлігі пилоттық режимде іске қосты. Оған өмірге келген баланың заң бойынша еш жерде тіркелмейтіні себеп болып отыр.
Енді тіркеу процедурасындағы олқылықтар жойылмақ, өйткені жеке сәйкестендіру нөмірін үлестіру үшін ата-ананың өтініші қажет емес. Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесі жаңа туған нәрестенің жеке сәйкестендіру нөмірін бірден қалыптастырады. Осылайша, мемлекеттік базаға бала туралы мәлімет енгізіледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Зейнеткер кісі қолынан қаза тапты
Ұқсас жаңалықтар
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024