Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді
- авторОймақ
- Бүгін, 08:41
- 16
Бишимбаев ісіне байланысты көпшілікке белгілі болған Айжан Аймағанова прокуратура органдарындағы қызметімен қош айтысты.
Аймағанова Instagram-дағы жеке парақшасындағы стористе қазақстандықтарға үндеу жасап, оның кандидатурасының бір партиядан Құрылтай депутаттығына ұсынылғанына қатысты ақпаратқа түсінік берді.
«Мен көп жылдар бойы прокуратура органдарында қызмет еттім. Бұл мен үшін әрқашан заңға, мемлекетке қызмет ету және азаматтардың құқықтарын қорғау болды. Кандидат ретінде ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан кеттім. Бұл – заң талабы, оны мен орындадым. Бұл шешімді саналы түрде қабылдадым. Кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарымызды толғандыратын мәселелерді шешуде пайдалы болуы мүмкін деп сенемін», – деп жазды Аймағанова.
Бұған дейін Айжан Аймағанова «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер тізіміне енгені хабарланған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





