жұма, 20 қыркүйек, 2024 14:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Америкада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды

Америкада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды
Фото: видео скриншот
Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды

АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. 

Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды, деп хабарлайды oimaqnews.kz  сайты “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. Оның айтуынша,енді Кремний алқабында тұрып, жұмыс істейтін қандастарымыз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйрете алады. Балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.

“Бізге барлығы ұнады. Балаларымыздың ата-әжесінің тәрбиесіндей тәрбие алғанын қалаймыз”, – дейді шетелдегі отандасымыз.

Тағы бір қандасымыз балабақшаның қазақ тілін үйренудегі маңызы зор екенін айтты.

“Балабақшаның тілімізді сақтау қалудағы маңызы зор. Кіші қызым Асима 18 айлық. Қызымның ана тілін біліп өскенін қалаймын”, – дейді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар