Қытайда 86 жастағы Чжоу Гуйлин 81 жастағы Ян Сюгуйге, алғашқы махаббатына үйленді. Ерлі-зайыпты бірнеше жылдан кейін қосылды, - деп хабарлайды oimaqnews.kz Massaget.kz сілтеме жасап.
Бұл махаббат оқиғасы Қытайда резонанс тудырды, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Ерлі-зайыпты Бейжің университетінде танысқан. Чжоу мен Ян студент кезінде кездескен, бірақ оқу біткеннен кейін жастар екіге кеткен.
Екеуі де өз отбасын құрған, бірақ жұбайлары қайтыс болғаннан кейін Чжоу мен Ян қосылуды ұйғарған. Олардың үйленуіне арналған шараға тек жақын достары мен туыстары қатысты. Олар бұл оқиғаны 60 жыл күтті.
Қалыңдық билеп, ән айтты, ал жұбайы оны тангу барабанымен сүйемелдеді. Желі қолданушылары бұл көрініс "нағыз махаббат" екенін айтып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.