дүйсенбі, 29 маусым, 2026 20:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда 248 мың оқушыға мектептерде орын жетіспейді

Қазақстанда 248 мың оқушыға мектептерде орын жетіспейді
Total.kz
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.

Қазақстанда қазіргі уақытта 248 мың оқушыға мектептерде орын жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің айтуынша, мемлекет тарапынан бұл мәселені шешу үшін соңғы екі жылда қосымша орындар құру мақсатында 217 жаңа мектеп салынған.

Биыл да білім беру нысандарының құрылысы белсенді түрде жалғасып жатыр. Министрлік мектеп тапшылығын азайту үшін құрылыс жұмыстарымен қатар өзге де тетіктерді іске қосқан.

“Едәуір нәтижеге қол жеткізу үшін биыл 50 мың оқушыға арналған 90-нан астам мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қосымша құрал ретінде біз жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырамыз", – деп атап өтті Жайық Шарабасов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар