жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды

Оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды
Фото: Kazinform
Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Inform kz сілтеме жасап.

Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.

Ведомство мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болды.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар