жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алтын зауыттың дауы: Заитов Маралдыдағы мәселені көтерді

Алтын зауыттың дауы: Заитов Маралдыдағы мәселені көтерді
фото el.kz
Депутат цианидпен бір ауылды улағалы отырған қай министрлік деп тіке айтты

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылындағы жергілікті халық пен алтын зауытын салғысы келетіндердің арасындағы дауға байланысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сілтеме жасап.

Өнеркәсіп саласындағы мәселелер көтерілген үкімет сағатында Ринат Зайытов негізгі сұрағы ретінде Маралдыдағы мәселені айтты.

– Шығыс Қазақстан облысында Маралды деген ауыл бар. Сол ауылдың айналасында у-шу болғалы бір жылдан астам уақыт болды. Зауыт бар, салынатыны-салынбайтыны белгісіз. Экология министрлігі былтыр менің сауалыма берген жауабында “ол жерден аяқ астынан бұлақ табыды, бұрын жоқ еді, қайта қарастырып жатырмыз” деген әдеттегідей жауабын берді өтірік жоспарлаған. Әлі халық ол жерде келісе алмай жатыр. Күнде наразылық, күнде ауылын қорғап жатыр. Аналар (алтын қазғысы келетін компания) техникасымен келіп, “қазамыз” дейді. Халық “рұқсатың жоқ, қазбайсың” дейді. Өтірік жиналыстар өтеді. Әбден жүйкесін тоздырып бітті. Ол халықтың қасында біз де тұрмыз. Кабинетте отырмыз дегенмен. Осы ретте салалық министрліктерге, өнеркәсіп, экология, сауда – қайсыңыз осыған рұқсат беріп отырған? Беріңіздерші жауабын. “Жоқ” болса “жоқ” деп айтыңыздар. Ертең Маралдыға барып, шамаларыңыз келмесе, біз қуып шығайық, – деді Ринат Зайытов.

Депутат цианидпен бір ауылды улағалы отырған қай министрлік деп тіке айтты. Үкімет сағатында депутаттар кезек-кезек сөз алып жатқаннан кейін Зайытовтың сұрағына жауап берілген жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар