Биыл 15 маусымынан Астана мен Сеул арасында тікелей рейс қайта басталады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлім етті.
"Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билік орындары арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша уағдаластықтар шеңберінде ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында Алматы және Сеул қалаларында, ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Астана - Сеул бағыты бойынша екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын қайта бастайды", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала