дүйсенбі, 8 маусым, 2026 15:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: жәбірленушінің анасы айыпталушыны кешірді

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: жәбірленушінің анасы айыпталушыны кешірді
ашық дереккөз
Сот отырысында ол айыпталушыны кешіретінін және оған ешқандай талап-тілегі жоқ екенін мәлімдеді.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша тағы бір қаза тапқан адамның анасы айыпталушыны кешірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесінде тағы бір жәбірленуші айыпталушы Александр Пакты бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот отырысында ол айыпталушыны кешіретінін және оған ешқандай талап-тілегі жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін де іс бойынша қаза тапқандардың өзге туыстары айыпталушыны кешірген болатын. Александр Пак өз кінәсін толық мойындаған.

Іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Айта кетейік, апатқа қатысты сотта күдікті Александр Пакпен бірге кафеде болған куәгерлерден жауап алынды. Алайда олардың жауабы бір-біріне сәйкес келмеді. Бір куәгер үстелде алкоголь болмағанын айтса, екіншісі өзі үшін коктейльдерге тапсырыс бергенін айтты. Ал Пактың ішімдік ішкен-ішпегенін көрмегенін жекізді. 

Өз кезегінде судья сараптама қорытындысында айыпталушының қанынан алкоголь анықталғанын айтты. Сонымен қатар кафе чегінде алкогольді сусындардың болғаны көрсетілген.

Куәгерлердің бірін кафеден үйіне жеткізген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар