дүйсенбі, 8 маусым, 2026 16:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандық балуандар халықаралық жарыста 12 медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар халықаралық жарыста 12 медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы рейтингілік турнирде 12 медаль жеңіп алды

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, еркін күрестен Асыл Айтақын (61 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Шамсат Таир (79 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) пен Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер күресінде Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар