Топтағы қалған үш турист құтқарушылардың сүйемелдеуімен қауіпсіз жерге шығарылды.
ТЖМ мәліметінше, Мыңжылқы шатқалында теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте орналасқан Малыш шыңынан түсіп келе жатқан туристік топ мүшелерінің бірі жартастан құлап, жарақат алған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 19 жастағы зардап шегушіні тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны қауіпсіз жерге жеткізіп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандарына тапсырды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




