Арыста мас әйел көлігімен тұрғындарды қағып кетті: 4 адам көз жұмды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:44
- 94
Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жоғары жылдамдықпен келіп, жеке тұрғын үйдің қоршауын бұзып өткен, деп хабарлайды ЖасАлашқа сілтеме жасап Oimaqnews.kz. Сол сәтте үйдің алдындағы орындықта отырған тұрғындарды көлік қағып кеткен.
Оқиға салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза болғандардың арасында екі жас бала және жүктіліктің соңғы кезеңіндегі әйел болғаны хабарланды. Тағы екі адам ауыр жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.
Тергеу мәліметінше, көлік тізгінінде 52 жастағы жергілікті тұрғын әйел болған. Оның мектептердің бірінде жұмыс істейтіні, бос уақытында жолаушы тасымалдаумен айналысқаны айтылуда.
Медициналық сараптама жүргізушінің апат кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін растаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, мас күйде көлік жүргізіп, екі немесе одан да көп адамның өліміне себепкер болған адамға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және белгілі бір қызметтерді атқару немесе қызмет түрімен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





