бейсенбі, 4 маусым, 2026 22:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Алматыда жер сілкінісі сезілді
shutterstock.com
Сервис дерегінше, жер сілкінісінің тереңдігі 7 шақырым болған.

Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде жер асты дүмпулерін сезгенін жазып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Сейсмологиялық сервистің мәліметінше, 4 маусым күні сағат 21:19-да магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелген. Зілзаланың эпицентрі Қазақстан мен Шыңжаң шекарасы маңында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 316 шақырым жерде және Қытайдағы Хочэннен солтүстік-батысқа қарай 63 шақырым жерде орналасқан.

Сервис дерегінше, жер сілкінісінің тереңдігі 7 шақырым болған.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 44.5321 градусы және шығыс бойлықтың 80.4429 градусы.

Әлеуметтік желілер мен қалалық чаттарда алматылықтар дүмпудің қысқа уақытқа ғана созылғанын жазып жатыр. Кейбір тұрғындар жер сілкінісін көпқабатты үйлердің жоғарғы қабаттарында сезгенін айтқан.

Материал жарияланған сәтте сейсмологтар мен Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен ресми ақпарат түскен жоқ. Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет те әзірге жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар