бейсенбі, 21 мамыр, 2026 12:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда адам өлтіргендердің жаза мерзімін қысқарту мәселесі қаралды

Қазақстанда адам өлтіргендердің жаза мерзімін қысқарту мәселесі қаралды
Фото: pexels
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда қылмыстық және әкімшілік амнистия туралы заң жобасын қарады. Құжат аясында айыппұлдарды есептен шығару және сотталғандардың жаза мерзімін қысқарту ұсынылып отыр.

Заң жобасын депутат Снежанна Имашева таныстырды. Оның айтуынша, қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстарға қатысты қолданылады.

“Қылмыстық рақымшылық аясында залал келтірілмеген немесе толық өтелген жағдайда қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстар үшін жауапкершіліктен босату ұсынылады. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша келтірілген шығын толық өтелсе, жаза мерзімін қысқарту қарастырылған”, – деді депутат.

Демек сот белгілеген шығын толық өтелген жағдайда сотталған адам амнистия бойынша жаза мерзімін қысқартуды сұрай алады. Алайда соңғы шешімді сот қабылдайды.

Осыған байланысты қоғамда Қуандық Бишімбаев ісі қайта талқылана бастады. Ол жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған еді. 

2024 жылдың қыркүйегінде сот Бишімбаевты марқұмның отбасына 16,8 миллион теңге төлеуге міндеттеген. Нүкенованың ата-анасы өтемақы өндіріп алудан бас тартқан. Ал оның ағасы Айтбек Амангелді 1,5 миллиард теңге талап етіп, апелляция бергенімен, сот бастапқы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Теориялық тұрғыда, егер заң осы күйінде қабылданса және барлық талап орындалса, Бишімбаев та жаза мерзімін қысқартуға өтініш бере алады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар