сейсенбі, 19 мамыр, 2026 11:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шығыс Қазақстанда шенеуніктер 90 млн теңгені заңсыз жұмсап жібермек болған

Шығыс Қазақстанда шенеуніктер 90 млн теңгені заңсыз жұмсап жібермек болған
istockphoto.com
Құжаттарда бұл жұмыстар «ағымдағы жөндеу» ретінде көрсетілген.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласына жүргізген талдау барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Прокуратура мәліметінше, ауданға қарасты бес ауылдық округ әкімдігі 2026 жылға арналған сатып алу жоспарына жалпы құны 44 миллион теңгені құрайтын балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жобаларын енгізген. Құжаттарда бұл жұмыстар «ағымдағы жөндеу» ретінде көрсетілген.

Алайда сметалық құжаттарды зерделеу кезінде іс жүзінде жаңа нысандар салу көзделгені белгілі болды. Атап айтқанда, жер негізін дайындау, бетон төсемдерін төсеу және жаңа ойын кешендерін орнату жұмыстары жоспарланған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай жобалар міндетті түрде жобалау-сметалық құжаттамамен рәсімделіп, мемлекеттік сараптамадан өтуі қажет. Дегенмен бұл талаптар сақталмаған.

Сонымен қатар прокуратура лоттарды жасанды түрде бөлшектеу фактісін де анықтады. Әкімдік тапсырыстарды шекті сомадан асырмау мақсатында бірнеше бөлікке бөліп, өнім берушілерді тікелей таңдауға мүмкіндік жасаған. Негізсіз бөлшектелген лоттардың жалпы көлемі 45,1 миллион теңгені құраған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде аталған жобалар құжаттары заң талаптарына толық сәйкестендірілгенге дейін сатып алу жоспарларынан алынып тасталды.

Осылайша прокуратураның араласуымен 90 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу саласының ашықтығын қамтамасыз ету және бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар