дүйсенбі, 18 мамыр, 2026 14:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовты мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовты мерейтойымен құттықтады
Алматы қаласы әкімдігі
Олжас Омарұлы қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа көркемдік тыныс әкелді.

Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Қала әкімі оған әдебиет, мәдениет, қоғамдық ой-пікір мен антиядролық қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін құрмет көрсетіп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Олжас Омарұлы қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа көркемдік тыныс әкелді. Сонымен қатар оның бастамасымен құрылған «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы әлемдік күрестің символына айналып, Семей полигонының жабылуына ықпал етті.

Кездесу соңында қала басшысы абыз ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар