сенбі, 16 мамыр, 2026 22:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтауда Кітап керуені өтіп жатыр

Ақтауда Кітап керуені өтіп жатыр
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Кітап жәрмеңкесі Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Кітап жәрмеңкесі Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен,  облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ресми түрде ашылып, қала қонақтары мен тұрғындары үшін есігін айқара ашты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мерекелік жәрмеңкенің алғашқы рәсімі қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты шараның лентасын Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова кесті.

Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов шара барысында құттықтау сөз айтып, мұндай кітап жәрмеңкесінің ерекшелігін, кітап оқитын ұлтқа айналудың маңызы мен мәнін түсіндірді.

Тұңғыш рет өтіп жатқан кітап жәрмеңкесіне: жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оңайгүл Тұржан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Маңғыстау филиалының төрайымы Анар Шамшадинова, ақын, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлайым Дәуітбаева, жазушы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақытгүл Сәрмекова, жазушы, ҚР Мәдениет және ақпарат саласының үздігі Қанат Тілеухан, ақын, жазушы Ақберен Елгезек, ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым сынды алыс-жақыннан келген құрметті қонақтар қатысып жатыр.

Бұдан бөлек, арнайы осы кітап жәрмеңкесіне елімізге танымал баспалар да келді. Атап айтқанда:

Qasym kitap

Steppe&World

Абай

Арман-ПВ

ZIYAT

SANA

MAZMUNDAMA

Marfu

«Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесінің арнайы дайындалған автобусы да қаланы аралауға аттанды.

15-16 мамыр күндері екі күнге жалғасатын жәрмеңкеде кітаптарға жеңілдіктер, түрлі шаралар және әдебиет пен шығармашылық дамуға қатысты тақырыптарда арнайы секциялық отырыстар, жаңа кітаптардың таныстырылымы мен тұсаукесерлер өтті.

Отбасы Хрестоматиясы

WIK HOUSE баспалары бар.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар