«Сахнадан кеткен дұрыс»: Роза Рымбаева күтпеген мәлімдеме жасады (видео)
- авторОймақ
- Бүгін, 12:03
- 68
Әншінің сөзінше, сахнаны уақытында босату керек.
«Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін. Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың», — деді әнші.
Осы тұста желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды.
«Өте дұрыс айтасыз», «Әй, бәрекелді, аңыз адам, ақыл апам», «Асылтектілікті білдіріп тұрған жауап, Роза ханым! Ұстанымы бөлек тұлға! Нағыз тектіліктің белгісі. Көп жасаңыз!», «Өзіндік пікірі қалыптасқан тұлға. Өте дұрыс. Жарайсың, Роза, дұрыс айтасың», «Міне, нағыз даналық… Әркімнің өз уақыты бар! Денсаулық сізге, Роза апай», деп бір бөлігі жақтады.
Ал пікір қалдырушылардың екінші тұсы Рымбаеваның пікірін жақтырмай қалды.
«Бибігүл Төлегенованы меңзеп отыр ма?», «Бибігүл апаны айтып отыр ғой сонда», «Сұраныс болса, Макпал Жүнісова сияқты болу керек. Роза апамның ойымен келісе бермеймін. Роза апам каприздеу ғой… Ооо, Мақпал ол – Мақпал ғой» Алла», деді олар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






