жексенбі, 10 мамыр, 2026 12:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда күн суытып, үсік жүреді

Қазақстанда күн суытып, үсік жүреді
Magnific
11 мамырда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде түнгі уақытта 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады.

Мамандардың болжамынша, 9–11 мамыр аралығында ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктердің мәліметінше, 9 мамырда елдің солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Ал 10–11 мамыр күндері шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде нөсер жаууы ықтимал.

Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл болжанып отыр. Сондай-ақ түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Күндіз батыста +13…+28 градус, солтүстік-батыста +10…+18 градус, солтүстікте +5…+13 градус болады деп күтіледі.

Орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы +8…+18 градус шамасында сақталса, оңтүстікте +17…+26 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік-шығыста +15…+22 градус, таулы аймақтарда +8…+13 градус жылы болады деп болжанып отыр.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар