сенбі, 9 мамыр, 2026 12:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Ақорда
Іс-шараға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері де қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгілі қаламгер Бауыржан Момышұлының Астана қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Іс-шараға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері де қатысты.

Рәсім барысында Мемлекеттік кеңесші батырлардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Мәселен, Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың Атырау облысында өткен отырысындағы тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы «Айбын» орденінің дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының, Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілді.

Бұған қоса Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толған күні даңқты батырға «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бауыржан Момышұлының жарқын бейнесі мен ерен ерлігі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге. Ал өмір жолы – нағыз жасампаз патриотизмнің, ар-намыстың әрі Отанға қызмет етудің биік шыңы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар