сенбі, 9 мамыр, 2026 11:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Өзі де білмей қалды": Асанәлі Әшімовтың жұбайы әсерлі естелігін бөлісті

"Өзі де білмей қалды": Асанәлі Әшімовтың жұбайы әсерлі естелігін бөлісті
Өмірінің соңында жанында болғанын айтты.

Халық әртісі, актер Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әсерлі естелігін бөлісті. 

Бағдат Әшімова актер өмірден өтер алдында жанында болғанын айтты.

«Үш минут. Соңғы үш минутқа дейін сөйлеп, «Белім ауырып тұр. Кеудеме ауру өтіп тұр. Жатайыншы» деді. Жатқыздым. «Басымды көтерші» деді. Басын көтердім. «Тағы көтерші» деді. Тағы көтердім. Болды. Көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды, кетіп қалатынын. Ойлаған жоқ. Жасанды демалдыру, жүрек массажы бәрін жасадым”, -  дейді Бағдат Әшімова көзіне жас алып.

Еске сала кетейік, кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 2025 жылы желтоқсанда 88 жасында дүние салды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар