сейсенбі, 5 мамыр, 2026 11:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Өскемендегі зауыттардың бірінде жойқын жарылыс болды

Өскемендегі зауыттардың бірінде жойқын жарылыс болды
Оқиға салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған.

Өскемендегі зауыттардың бірінде шаң жинайтын қондырғы жарылып, арты өртке ұласты. Оқиға салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай орнына министрліктің арнайы бөлімшелері дереу жетіп, қазіргі уақытта барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың ашық жалынмен өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте зауыт аумағында шұғыл әрекет ету үшін жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.

Құтқарушылар үйінділер астында немесе зауыт ішінде зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта жарақат алғандар туралы ақпарат нақтылану үстінде.

Айта кетейік, Өскемен – еліміздегі ірі өндірістік орталықтардың бірі. Қалада бірнеше ірі металлургиялық және машина жасау зауыттары шоғырланған. ТЖМ мамандары өрттің таралуын тоқтату және оқиғаның себебін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар