сейсенбі, 5 мамыр, 2026 12:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әуежайды су басқан: әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әуежайды су басқан: әкімшілік жауапкершілікке тартылды
видео скрин
Азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметі мәлім етті.

Көлік министрлігі терминал шатырынан су өткен соң Алматы халықаралық әуежайының басшылығымен шұғыл кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша әуежай әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Көлік министрлігінің басшылығы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терминал шатырын су басу оқиғасына қатысты Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігімен шұғыл кеңес өткізді. Азаматтық авиация комитеті әуежайды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әуежай басшысы техникалық мәселелер жөніндегі кураторлық ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге қатысты тәртіптік жаза жариялады», - делінген хабарламада.

Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

ААК мәліметінше, қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою шаралары күшейтілді, барлық жұмыстар жедел режимде жүргізілуде. Су басу себептерін толық жою және жұмыстарды аяқтау алты ай ішінде жоспарланған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар