Ақмола облысында жас баланың өліміне байланысты полиция іс қозғап, тергеу амалдарын бастады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ұсталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Полиция департаменті жас баланың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары және басқа да процессуалдық шаралары жүргізіліп жатыр. Баланың өліміне күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.
Осы ретте, әлеуметтік желіде баланың 2020 жылы қайтыс болғаны және жас шамасы 2-де екені, сондай-ақ 65 жастағы әжесінің немересін бау-бақшаға жерлегені айтылады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.