жұма, 22 қараша, 2024 6:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған: имамға тәртіптік шара қолданды

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған: имамға тәртіптік шара қолданды
Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы facebook-парақшасында жазды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2022 жылы 17 қазанда Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданған.

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы facebook-парақшасында жазды. 

2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қ. Бишімбаев пен С. Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен олардың некелері қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде, олар «жасалып жатыр» деп жауап берген. Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіттің имамы Қ. Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды, - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар