бейсенбі, 16 сәуір, 2026 12:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркияда атыс болып, 9 адам қаза тапты

Түркияда атыс болып, 9 адам қаза тапты
Reuters.com
Қанды шабуылдан кейін күдікті өзіне-өзі оқ атқан.

15 сәуір күні Қахраманмараш өңіріндегі орта мектептердің бірінде жантүршігерлік оқиға болды. 14 жастағы оқушы қару қолданып, тоғыз адамның өмірін қиды, тағы 13 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, сегізінші сынып оқушысы мектепке әкесіне тиесілі тапаншаны алып келген. Белгілі болғандай, оның әкесі полиция қызметкері болып жұмыс істейді.

Жасөспірім бесінші сынып оқушылары оқитын екі сыныпқа кіріп, оқ жаудырған. Соның салдарынан 8 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты. Ал жараланғандардың алтауының жағдайы ауыр деп бағалануда.

Қанды шабуылдан кейін күдікті өзіне-өзі оқ атқан. Бұл ақпаратты аймақ басшысы Мүкеррем Үнлюер растады.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда оқушылардың үрейленіп, мектептің екінші қабатынан секіргені, сондай-ақ қарулы шабуылдаушының дәлізде адамдарға оқ атқаны көрінеді. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері мен полиция қызметкерлері шұғыл жетіп, мектеп маңына көп адам жиналған.

Қазіргі уақытта шабуыл жасаған оқушының әкесі ұсталды. Ал қолданылған қарудың дәл сол адамның меншігі болуы мүмкін екені айтылуда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар