Қоғам
10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады
- авторОймақ
- 18 сәуір, 2024
- 368
10 жыл бойы іздеуде болған
Астана полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады.
"Бөгет" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.
"Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ. Экстрадициялау мәселесі шешілуде", – делінген полиция хабарламасында.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала