сейсенбі, 14 сәуір, 2026 19:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада өрттен көз жұмған үш баланың денесі жер қойнына тапсырылды

Астанада өрттен көз жұмған үш баланың денесі жер қойнына тапсырылды
ашық дереккөз
Отбасы үшін орны толмас ауыр қайғы қоғамда үлкен жанашырлық тудырып отыр.

Астанадағы "Көркем-3" тұрғын үй кешенінде болған қайғылы өрттен көз жұмған үш баланы әкесі ақтық сапарға шығарып салды, деп Oimaqnews.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмдардың үлкені 13 жастағы қыз болса, одан кейін 8 жастағы қарындасы мен 2 жастағы інісі болған. Отбасы үшін орны толмас ауыр қайғы қоғамда үлкен жанашырлық тудырып отыр.

Туыстарының мәліметінше, оқиғадан тек анасы – 39 жастағы Жанаргүл аман қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада ауыр халде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр: денесінің шамамен 50 пайызын күйік шалған, ол әлі есін жимаған.

Жақындарының айтуынша, отбасы еңбекқор болған, анасы кәсіпкерлікпен айналысып, балаларын бағып-қағуға бар күшін салған. Сонымен қатар, отбасында ерекше күтімді қажет ететін бала да болған.

Алдын ала мәліметтерде өрт кезінде тұрғын үй ауласына кіреберісті бөгеген көлік салдарынан құтқарушылардың оқиға орнына жетуі шамамен 20 минутқа кешіккені айтылған. Соның салдарынан өрт сөндірушілер келген сәтте балаларды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар