сейсенбі, 14 сәуір, 2026 15:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Заңды елемегені үшін Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Заңды елемегені үшін Дарын Мубаров жауапқа тартылды
Фото: Ресми деректен алынды.
Сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқықбұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін«уағызшы» деп аталатын Дарын Мубаровты жауаптылыққа тартты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Айта кету керек, бұған дейін, 2025 жылғы қазанда олосындай әрекеті үшін жауаптылыққа тартылған болатын. Осылайша, азамат бір жыл ішінде заң талаптарын қайта елемеді.

Осы факт бойынша ДІБ қызметкерлері ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы Кодексінің 490-бабы 8-бөлігі бойыншаәкімшілік хаттама жасады (осы баптың 1-бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілікжаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау).

Сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқықбұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндеайыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, бұлбүгінгі күні 865 000 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаңсақтаудың маңыздылығын және діни мазмұндағыматериалдарды таратудың белгіленген тәртібін бұзуғажол бермеуді еске саламыз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар