"Балам – оның көшірмесі": Абдуллиннің азаматтық некедегі әйелі әншінің алименттен қашып жүргенін айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 12:11
- 20
Өзін белгілі әнші Нұрлан Абдуллиннің азаматтық некедегі экс-әйелімін деп таныстырған Ақмарал Баққараева әртістің миллиондап табатын табысын жасырып, ұлына алимент төлеуден қашып жүргенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
Баққараеваның айтуынша, Абдуллин онымен 2012 жылы танысып, қыр соңынан қалмай жүріп жүрегін жаулаған. 2018 жылы екеуінің ұлдары – Мұхан Аят Нұрланұлы дүниеге келген. Баласына есімін беріп, 2 жасына дейін жанында болған әнші кейін оларды тастап кеткен.
– Мен өзімді тоқал деп есептемеймін. Маған дейінгі әйелдерімен ресми неке болды ма, болмады ма – білмеймін. Екеуміздің ортақ ұлымыз бар. Ол – оның көшірмесі. Құдды екінші Нұрлан Абдуллин дерсің. Ол талантты бала. Ағылшын, араб тілдерінде ән айтады. Байқаулардан жүлдесіз қайтпайды, – дейді әйел.
Ақмарал Баққараеваның сөзінше, әнші 2024 жылы әрқайсы 450 млн теңге тұратын екі пәтер сатып алған.
– Одан бөлек, сол жылы Zeekr, Range Rover, Mercedes көліктерін алған. Демек, оның табысы көп. Миллиардер. Екі компаниясы бар. Екеуінде де құрылайшы ретінде тіркелген. Алайда бір тиын салық төлемеген. Баласына да берешегі көп, – дейді ол.
Әйелдің сөзінше, Абдуллин барынша аз алимент төлеу үшін дүние-мүлкінің бәрін өзгелердің атына жаздырған. Тіпті, сараңдық танытып баласының оқу ақысын да төлегісі келмейді екен.
– Балам жекеменшік мектепте оқиды. Айына 500 мың теңгені өзім төлеп отырмын. Одан бөлек, әнші Майра Ілиясованың мектебіне вокалға бердім. Олар да тегін оқытпайды. Қыруар табысы болса да баласының жағдайын жасағысы келмейді. Басқа кірісінен бөлек, «Қазақмыс» төрағасының кеңесші болып жүргенде 2 млн теңге жалақы алатын, – дейді Баққараева.
Әйел әншіден Алматының мәдениет басқармасында жұмыс істегенін, ол жақтағы табысын да жасырып келгенін айтады.
– Тиын-тебен төлеп отыр. Үй алып беретін шамасы жетеді. Туған ұлы ғой. Алиментін дұрыстап төлесін. Баласымен аралассын. Оған әке керек. Мен жалғыз тапқан жоқпын бұл баланы. Абдуллиннің тұқымы. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, бағып-қағып отырмын. Неге ол туған баласының жағдайын жасамайды? – деп күйінеді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





