Әлеумет
Атыраудағы балабақшада шкаф құлап, балалардың өміріне қауіп төнді
- авторОймақ
- Бүгін, 11:12
- 17
Атыраудағы балабақшалардың бірінде балалар отырған бөлмеде ауыр шкаф құлап кеткен.
Оқиға Kemel Kids балабақшасында болған. Ата-аналардың айтуынша, шамамен 1,5 метрлік шкаф қабырғаға бекітілмеген. Сол себепті ол кенеттен құлап, балалардың үстіне түскен. Ең көп зардап шеккен бір бала, соққы арқасына тиген. Абырой болғанда, ауыр жарақат тіркелмеген. Алайда бұл жағдай ата-аналардың ашуын туғызды. Олар енді балабақшадағы қауіпсіздікке толық тексеріс жүргізуді талап етіп отыр. Мұндай немқұрайдылық балалардың өміріне тікелей қауіп екенін айтып дабыл қағуда. Балабақшадағы қауіпсіздік талаптары тағы да күмән тудырды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала






