сәрсенбі, 1 сәуір, 2026 19:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көпбалалы ана мас күйдегі адамдарды 400 мың теңгеге сатқан

Көпбалалы ана мас күйдегі адамдарды 400 мың теңгеге сатқан
Фото: Алмас МАНАП, «EQ»
Абай облысы Аягөз ауданында адам саудасымен айналысқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

Аягөз аудандық сотында Қылмыстық кодексінің 128-бабы 2-бөлігі 2, 8 тармақтарымен “Алдау, сенімді теріс пайдалану арқылы адамды саудалау, азғырып-көндіру, тасымалдау және беру”бойынша айыпталған Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта хабарланғандай 2024–2025 жылдар аралығында Аягөз қаласының тұрғыны әлеуметтік осал азаматтарды, оның ішінде алкогольдік масаң күйде болған адамдарды әдейі іздеп тауып, олардың сеніміне кіріп, адастырып, психологиялық қысым көрсеткен. Кейін оларды жұмысқа орналастыру сылтауымен шаруа қожалықтарына жіберіп отырған, ал алдын ала төлем ретінде берілген ақшалай қаражатты өз қалауынша пайдаланған.

Іс материалдарымен 5 эпизод анықталған.

“Жәбірленушілер Е-мен Семей қаласында вокзалдар мен базарлар маңында, алкогольдік масаң күйде жүрген кезде танысып, оның жұмыс табуға көмектесу туралы уәделеріне сенген. Кейбір жағдайларда Е олардың еркін жүріп-тұруын шектеп, қорқыту, психологиялық қысым көрсету және ішімдікке тәуелді ету әрекеттерін қолданған. Алдын ала келісім бойынша шаруа қожалықтарының басшылары әйелдің жеке шотына 100 000-нан 400 000 теңгеге дейін ақша аударып отырған”, – делінген ақпаратта.

Индияда Қазақстан азаматы адам саудасымен айналысты деген күдікке ілініп, қамауға алынды

Е өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді, келтірілген зиянды өтегенін және жәбірленушілермен татуласқанын айтты. Жәбірленушілер оны кешіргендерін растап, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрады.

“Жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауы, өкінуі, келтірілген зиянды өтеуі, жәбірленушілермен татуласуы, жасы, сондай-ақ "Күміс алқа" наградасының болуы ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен Е кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі. 

Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Күдіктілер интернет-ресурстарды пайдаланып, жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізген. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, миллиардтаған табыс әкелген. Алдын ала деректер бойынша, қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асқан. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар