сейсенбі, 24 наурыз, 2026 10:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Доллар 479–485 теңге аралығында саудаланып жатыр

Доллар 479–485 теңге аралығында саудаланып жатыр
freepik
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларының бағамы 479–485 теңге аралығында қалыптасты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Нарықтағы деректерге сәйкес, ірі қалалардағы валюта айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы шамамен 479–481 теңге деңгейінде болса, сату құны 483–485 теңгеге дейін жетіп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, валюта бағамының қалыптасуына сыртқы факторлар, оның ішінде мұнай бағасының өзгеруі, жаһандық нарықтағы геосаяси жағдай және ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс әсер етеді. Сонымен қатар, теңге динамикасы инвесторлардың күтулері мен қаржы ағындарына да тәуелді.

Айта кетейік, соңғы уақытта әлемдік нарықтағы құбылмалылық күшейіп, бұл дамушы елдердің валюталарына қысым түсіруде. Соған қарамастан, мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуы теңгеге белгілі бір деңгейде қолдау көрсетіп отыр.

Қаржы нарығы қатысушылары алдағы күндері валюта бағамы сыртқы экономикалық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар