жұма, 6 наурыз, 2026 21:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ирандағы Әзербайжан елшілігі қызметкерлері кетіп жатыр

Ирандағы Әзербайжан елшілігі қызметкерлері кетіп жатыр
фото: ашық дереккөз
Бұл шешім Әзербайжан аумағына ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттары құлағаннан кейін қабылданды.

Тегерандағы елшілікті де, Тебриздегі бас консулдықты да эвакуациялау туралы тапсырмалар берілді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ираннан Тегерандағы елшілік пен Тебриздегі бас консулдықтың қызметкерлері кетіп жатыр.

Бұл шешім Әзербайжан аумағына ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттары құлағаннан кейін қабылданды. Күні кеше Нахшыванға екі дрон құлаған болатын: біреуі әуежай аумағына, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектептің жанына түсті. Соның салдарынан екі бейбіт тұрғын зардап шекті.

Осы оқиғадан кейін Иран елшісі Әзербайжан СІМ-не шақырылды. Билік елдің оңтүстігіндегі әуе кеңістігін жауып, Президент Ильхам Әлиев болған жағдайды теракт деп атады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар