«Өнер қырандары» театры Шымкент қаласында жоспарланған концерттің ұйымдастырылуына қатысты қиындықтар туындағанын мәлімдеді. Бұл туралы ұжым өкілдері Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz Аlash.kz.сайтына сілтеме жасап.
Театр ұжымының айтуынша, кедергілер Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «QYZGALDAQ Sarayi» мекемесі тарапынан болған. Қазіргі уақытта жағдайдың заңдылығын тексеру үшін театрдың адвокаттары мен заңгерлері келесі мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар дайындап жатыр.
Театр өкілдері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің атына ашық хат әзірлеуге мәжбүр болған. Олардың пайымдауынша, бұған дейін жолданған өтініштер мен арыздар қала басшысына толық жетпей отыр. Ұжым алдағы уақытта жағдайға қатысты толық ақпаратты қосымша жариялайтынын айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






