жұма, 20 қыркүйек, 2024 16:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ТЖД: СҚО-да су тасқыны жағдайы әлі де күрделі

ТЖД: СҚО-да су тасқыны жағдайы әлі де күрделі
фото: Massaget
СҚО-да су тасқыны жағдайы әлі де күрделі

Солтүстік Қазақстан облысында 1648 үйге су кірді және бірнеше күнде Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтып берді. 

«Қазіргі уақытта апатты жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, Бүгін Петропавл қаласына ауыз су беріледі. Әсіресе еріктілер көп көмек көрсетеді, ауыз су басқа қалалардан да әкелініп жатыр. Кей жерлерде техникалық су берілді. Петропавлда электр жарығы бар», - деді Е. Журавлев Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Оның айтуынша, жалпы облыстағы жағдай әлі де күрделі болып қалуда.

«Сергеев су қоймасы 159% толып, су бөгет шегінен 3 метр 10 см асты. Тәулік ішінде 40 см төмендеу байқалады. Әрине, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, ол кезде тіркелген рекордтық көрсеткіш 4 метрден асқан еді. Бірнеше күнде Петропавл қаласында су азаяды деп күтілуде», - деді спикер.

Қазіргі сәтте облыста 1648 үйді және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан.

Негізгі соққы Қызылжар ауданының Тепличное, Затон, Прибрежное кенттеріне келді, онда 513 үйді су басып, 2203 адам эвакуацияланды.

«Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1010 үйді су басты. Олардан 4552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Көшірілген адамдар облыс орталығының 3 орта мектебі мен колледждердің жатақханаларында және де басым бөлігі туыстарында орналастырылды», - дейді ТЖД өкілі.

Есіл өзенінің маңындағы елді мекендерден көшірілгендер облыс орталығы мен аудандардағы 19 эвакуация пункттеріне орналастырылды.

Жалпы облыс бойынша 7354 адам эвакуацияланды, олардың 1840 бала. Тәулік ішінде 3684 адам эвакуацияланды, олардың 709-ы бала. 44 адам үйлеріне оралды.

Сонымен бірге, 3 530 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар